Газада Израиль шабуылынан 21 адам ажал құшты

Израиль Газа секторының орталығын бомбалап, 21 адам ажал құшты.

Құрбандар арасында 5 бала мен 2 әйел бар. Тағы ондаған кісі жараланған. Бұл туралы "Әл-Ақса" ауруханасына сілтеме жасаған "Ассоушейтіт Пресс" агенттігі хабарлады. 2 зымыран "Бурейдж" босқындар лагеріне тиген. Төтенше жағдай қызмет өкілдері қиранды астында тағы адамдар болуы мүмкін дейді. Жалпы Израиль әскері мен "ХАМАС" ұйымының арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 42 мыңға жуықтады. Қарулы жанжал өткен жылдың 7 қазанынан бері жалғасып жатыр.