Жозеп Боррель Таяу Шығыстағы атысты тоқтатуға шақырды

Еуропа дипломатиясының жетекшісі Жозеп Боррель Таяу шығыстағы атысты тоқтатуға шақырды.

Бұл - аймақтағы шиеленісті шешудің, тұтқындарды босатудың жалғыз жолы, деді ол. Боррельдің айтуынша, әскери іс-қимыл Израиль мен Палестина халқына абырой әкелмейді.

Рим Папасы дипломатияның сәтсіздігін сынға алды 

Өз кезегінде Рим папасы Франциск халықаралық қауымдастықтың Таяу Шығыстағы дағдарысты реттей алмауын сынға алды. Оның сөзінше, ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыстың басталғанына бір жыл болса да, оның әлі күнге дейін тынышталатын түрі жоқ. Керісінше, одан сайын ушығып барады. Рим папасы: «Соғыстың өзі жеңіліс екенін атап өтіп, қазір әлемге диалог пен бейбітшілік аса қажет», ­- деді.