Миланда «Қазақстан-Италия» форумы басталды
Бұған ауыл шаруашылығы, мұнай сервистік қызметтер, тоқыма өнеркәсібі, туризм және IT сияқты секторларды қамтитын 50-ден астам қазақстандық кәсіпорын қатысты.
Форумда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Италия Қазақстан үшін Еуропалық Одақтағы негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін, тауар айналымы бойынша үздік үштікке кіретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен кәсіпорындарда өндірілген өнімді ілгерілетіп, тауарлардың халықаралық нарықтағы позициясын күшейтетін «Made with Italy» тұжырымдамасын енгізуді ұсынды. «Made in Italy» вице-министрі Валентино Валентини ұсынысты қолдап, екі елдегі шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыратынын айтты. Бұл Қазақстан-Италия қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.