Израиль «Хезболланың» 120 нысанына шабуыл жасады

Израиль 1 сағат ішінде Ливандағы «Хезболланың» 120 нысанына шабуыл жасады.

Арасында барлау штабы мен зымыран базасы бар. Израиль әскерінің хабарлауынша, "Хезболла" өз нысандарын бейбіт адамдар тұратын аудандарға орналастырған. Әзірге зарлдап шеккендер туралы ақпарат жоқ. The Times of Israel басылымы құрлық операциясы кезінде «Хезболла» ұйымының 400-ден астам мүшесінің көзі жойылғанын жазды.