Канадалық белсенділер Израильге санкция салуды талап етті

Канада Торонто қаласында бір топ белсенді шеруге шығып, Израильге санкция салуды талап етті.

Олар ел үкіметі ресми Тель-Авивтің қанды әрекетіне қолдау көрсетіп отыр деп есептейтінін жеткізген. Наразылық шарасы Онтарио провинциясы Парламент ғимаратының алдында өтті. Ереуілшілер Израильдің Газа секторына шабуылын "геноцид, басқыншылық" деп атаған.

Ахмад Джаррар, ереуілші:

- Бұл геноцид бір жыл емес, басқыншылықтың жүріп жатқанына 76 жылдан асып барады. Арада бір жыл өтсе де, Канада үкіметі Израильге санкция салмай отыр.