АҚШ «Хамасты» қаржыландыруға қатысы бар адамдарға санкция салды
АҚШ «Хамас» ұйымына қаржылай қолдау көрсететін адамдар мен құрылымдарға санкция салды.
Бұл туралы Құрама Штаттардың Қаржы министрлігі мәлімдеді. «Қара тізімге» 4 жеке адам мен 11 құрылым ілікті. Олардың арасында Түркияда тұратын Йемен азаматы мен оған тиесілі 9 кәсіпорын және «Әл-Интадж» банкі бар. Енді олардың активтері бұғатталып, АҚШ аумағында кез келген қаржы операциясын жасауға тыйым салынады.