Министр: Иран Израильге қарымта қайтаруға дайын

Иран Израильдің агрессиясына жауап беруге дайын.

Бұл туралы Ислам Республикасының, Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Саясаткердің сөзінше, Иран аймақтағы шиеленісті ушықтырудан аулақ. Десе де, мемлекеттің қарулы күштері кез келген ахуалға тас түйін дайын. Тіпті Израиль аумағын атқылайтын нысандарды да айқындап қойды, деді Аббас Аракчи. Сондай-ақ ол Иран Сирия мен Ливанға әрі қарай да көмек көрсететінін жеткізді.

Иран

Аббас Аракчи, Иранның Сыртқы істер министрі:

- Иранның саясаты - агрессияға қарсылықты қолдау. Біз бұл бағыттан таймаймыз. Егер қандай да бір келіссөздер орын алған жағдайдың өзінде ол қылмыстық әрекеттерді тоқтатуға, Израильдің аймақтағы соғысты кеңейту талпынысына қарсы бағытталады.