Reuters: Дүниежүзілік банк Ливанға $100 млн бөлуі мүмкін

Дүниежүзілік банк Ливанға қаржылай көмек ретінде 100 миллион доллар бөлуі мүмкін.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл қаржы аталған мекеменің төтенше жағдайларға арналған резервтерінен алынуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, Ливанның қазір Дүниежүзілік банк алдында 1,5 миллиард доллардан астам берешегі бар. Израиль шабуылдарынан кейін мұнда миллионнан аса адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.