Боливияда өрттің кесірінен ауа қатты ластанды

Боливияда алапат өрт болып жатқан Санта-Крус аймағындағы ауа шамадан тыс ластанған.

Ауа сапасының индексі 373-ке жетті. Билік тұрғындарды үйден шықпауға, сыртта жүргенде бетперде киюге шақырып жатыр. Аймақтағы халықаралық әуежай жұмысын тоқтатты және мектептер жабылды. Тұрғындар 600 метр радиуста тілсіз жау 10 млн гектар орман алқабын жалмап үлгерген. Өртке ыстық және құрғақ күн рай себеп. Үкімет қасақана от қойып жүрген қылмыскерлердің барын айтады.

Валерия Варгас, мектеп менеджері:

- Тыныс алуымыз қиындады. Оқушыларда жөтел, тамақ, бас аурулары пайда болды, көзі ашып жатыр.