Әлемде микрочиптер сатылымы артты

Әлемде микрочиптер сатылымы соңғы 2,5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті.

Тамыз айының қорытындысы бойынша өсім 20 пайызға жетіп, 53 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 млрд долларға көп. Жартылай өткізгіштер өнеркәсібі қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, бұл 2022 жылдың сәуірінен бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Әлемде жасанды интеллекті мен 5G-дің дамуы және электрмобиль өндірісінің қарқын алуы чипке деген сұранысты арттырды. Айта кетейік, аталған ұйымға АҚШ-тың барлық дерлік чип өндірушілері мен шетелдік кәсіпорындардың шамамен 66%-ы мүшелік етеді.