Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды

Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды.

Биыл оны америкалық ғалым Джон Хопфилд пен оның британ-канадалық әріптесі Джеффри Хинтон алды. Швеция Корольдік ғылым академиясында өткен баспасөз мәслихатында физика бойынша Нобель сыйлығы «жасанды нейрондық желілерді қолдану арқылы машиналық оқытуды мүмкін еткен іргелі жаңалықтар мен өнертабыстар» үшін берілгені хабарланды. Хопфилд деректердегі кескіндерді есте сақтап, қалпына келтіретін нейрондық желіні құрған. Ал Хинтон компьютерлерге суреттердегі нысандарды өздігінен тануға көмектесетін әдісті әзірлеген.