Чили Ливаннан 67 азаматты көшірді

Чили Ливаннан 67 азаматты көшіріп алды, деп хабарлайды 24kz.

Олардың арасында Перу мен Аргентина азаматтары да бар. Қақтығыс аймағынан көшірілгендер Сантьягодағы халықаралық әуежайға жеткізілді. Чили Сыртқы істер министрінің орынбасары күтіп алған. Бұған дейін Чили билігі осы рейспен Бейруттағы азаматтарына дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды қамтыған гуманитарлық көмек жіберген болатын.