«Милтон» дауылы: Флорида халқы жаппай эвакуациялана бастады

Флорида штатының 11 округінде шамамен 6 миллион адамға қауіпсіз жерге көшу туралы пәрмен берілді, деп хабарлайды 24kz.

Оған «Милтон» дауылы себеп. Ол аймақтың оңтүстік-батысына жақындап қалған. Мамандардың айтуынша, «Милтонның» жылдамдығы сағатына 270 шақырымға жетеді. Дауылдан төнген қауіпке байланысты жуырда ел президенті Джо Байден мен мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Германияға жоспарланған ресми сапарын тоқтатты.

Айта кеткен жөн, жуырда «Милтон» Мексиканың Юкатан түбегі жағалауынан өтіп, жергілікті инфрақұрылымға кішігірім зақым келтірген еді.