КХДР Оңтүстік Кореямен арадағы жолдарды жабады
Солтүстік Корея әскері Оңтүстік Кореямен арадағы барлық тасжол мен теміржолды жабуға бекініп отыр, деп хабарлайды 24kz.
Бас штаб мәлімдемесіне сәйкес, ресми Сеулдің АҚШ әскерімен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуден ахуал айтарлықтай тұрақсызданып кеткен. Осыған байланысты Пхеньян тарапы шекарада қорғанысын күшейту жұмыстарын жүргізбек.
Естеріңізде болса, бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын көршісін шабуылдауға мүдделі емес екенін мәлімдеген еді. Пхеньянның саясатында Сеулмен бірігу мақсаты да көзделмеген.