Грекияда демографиялық дағдарыс өршіп барады
Грекияда демографиялық дағдарыс ушығып барады, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, Эгей теңізінде орналасқан аралдарда туу көрсеткіші төмен. Осыған байланысты билік өкілдері, дабыл қағып жатыр. Мәселен, Айос Эфстратиосте былтыр бір ғана бала дүниеге келген.
«Мәселені шешу үшін тез арада тиісті шара қабылдамаса, аралда көп ұзамай адам қалмайды», - дейді жергілікті билік өкілдері.
Айта кетейік, 2022 жылы Грекияда, бала туу көрсеткіші соңғы 92 жылда болмаған деңгейге түсті. Осыған байланысты ел билігі бала тууды ынталандыру үшін 2035 жылға дейін 20 млрд еуро бөлуді жоспарлап отыр.