Теледидар көретіндер азайып барады
Биыл АҚШ-та теледидар көрермендерінің саны 43,6%-ке төмендеді.
Ересектері орта есеппен көгілдір экран алдында 3 сағатын өткізеді. Теледидар қызметі үшін ай сайын ақы төлейтіндер саны 2014 жылы 100 млн болса, бұл көрсеткіш 2027 жылға 47 млн-ға азаяды деген болжам бар. Бұған нақты не себеп?
Теледидардың басты бәсекелесі – интернет
Теледидар көрермендерінің саны күрт төмендеп кеткені туралы жиі айтамыз. Бұл халықтың көгілдір экран алдында отыратындай бос уақытының жоқтығынан болуы мүмкін. Дегенмен теледидардың басты бәсекелісі –
Интернет. Статистикаға сүйенсек, жер бетіндегі халықтың 66 пайызы уақытын ғаламторда өткізеді. Әлемде 8 млрд адам болса, соның 5 миллиард, 350 миллионы, күніне 6 сағат 40 минутын интернетте өткізеді. Бұл, Global Data деректері. Бұл көрсеткіш расымен таңғаларлық. Дегенмен, 2 миллиард 70 млн адам, интернеттің не екенін де білмейді. Мәселен, Үндістанда 680 млн адам, цифрлы қоғамда өмір сүретін сіз бен біз секілді, үздіксіз ақпарат ағынымен бетпе-бет келмейді. Олардың бар ермегі – теледидар. Статистикаға сүйенсек, 2020 жылы телекөрермендер саны 210 млн болса, бұл көрсеткіш 2022 жылы 226 млн-ға жетті.
Теледидар көретіндер азайып барады
Қоғам арасында теледидардың күні бітті деген пікірлер де айтылып жүр. Дегенмен статистика теледидар көретіндердің саны төмендегінін айтады. Бірақ бұл теледидардан біржола бас тарту дегенді білдірмейді. Мәселен, Францияда, 2022 жылғы Mediametrie мәліметтері бойынша көрермендер күніне орта есеппен 3 сағат 27 минут теледидар көреді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда небары жарты сағатқа аз. Сондай-ақ, кейінгі 10 жылда кешкі бағдарламалар балалар, жастар және орта жастағы үй шаруасындағы әйелдер сияқты санаттағы көрермендердің 31% жоғалтқан. Ал, Ресейде, Mediascope зерттеуіне сәйкес, былтыр халықтың 66% - ы күн сайын теледидар көрген. Ал, "Кем дегенде кейде" теледидар көретін ресейліктердің үлесі 98%. Теледидарды көрудің орташа уақыты 3 сағат 57 минут. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл 2020 жылы теледидарды орташа көру уақыты тәулігіне 6 сағат болатын. Ал Ұлыбританияда апта сайын теледидар бағдарламаларын көретін көрермендердің үлесі 2021 жылғы 83%-дан 2022 жылы 79% - ға дейін төмендеді. Телешоуларды көрудің орташа уақыты 12% - ға қысқарды. Сөйтіп, 2 жыл бұрын британдықтар күніне орта есеппен 2 сағат 38 минут теледидар көрді.
Дәстүрлі теледидар көретіндер азайып барады
Иә, қазір сүйікті сериалыңызды көру үшін, сағаттап күтпейсіз. Стандартты теледидардың орнына стримингтік сервистер мен интернет келгендіктен, теледидарға телміріп отырудың қажеті жоқ. Мәселен, ақылы жазылымға көшкен Disney, Apple, Netflix сияқты компаниялардың акциясы тез өсті. Netflix-тің акциясы 453 доллар, пандемияға дейін бұдан 1,5 есе аз болған. Демек адамдар өте сапалы контентке көшті. Трендінен айырыла бастаған теледидардың тығырықтан шығатын бір ғана жолы бар, ол – сапалы контентпен бәсекеге түсу.
Стремингтік сервистер қазір көз ілеспес қарқынмен дамып жатыр. Қалаған контентті, кез келген уақытта көру жер бетіндегі әрбір екінші тұрғынға қолжетімді. Бұл қарқынмен дәстүрлі телевидение саласы алдағы 5-10 жылдықта қолданыстан шығып қалуы бек мүмкін.
Мәселен, Ұлыбританиядағы Disney-дің 64-тен асқан көрермендерінің саны 2022 жылы 7, былтыр 12 пайызға өскен. Ал, дәстүрлі теледидардың 55-64 жастағы көрермендерінің саны 10 пайызға қысқарды. Ал 4 жастан 34 жасқа дейінгі аралықтағы көрермендер саны биыл бір жыл ішінде 21 пайызға қысқарды. Ал 2012 жылдан бері 73 пайызға дейін қысқарған.