Майамидегі қазақстандықтар «Милтон» дауылына қарсы қамданып жатыр

АҚШ-тың Майами штатында тұратын Қазақстан азаматтары "Милтон" дауылына қарсы қамданып жатыр.

Олармен "24 кз" телеарнасының тілшілері байланысты. Отандастарымыздың айтуынша, оларға үйлерін қорғау үшін құм толтырылған қап тегін таратылған. Қалада 2 күнге мектептер жабылып, қызметкерлер қысқамерзімді еңбек демалысына жіберілген. Мемлекеттік мекемелер, дүкендер мен көптеген жекеменшік компаниялар жұмысын тоқтатты.