Скандинавия елдерінде кәсіподаққа мүше болу көрсеткіші жоғары

Әлемде 251 миллион адам кәсіподақ құрамына кіреді.

Скандинавия елдерінде көрсеткіш жоғары. Мұнда жұмыс істейтін азаматтардың 95 пайызына дейін осындай бірлестіктерге мүше болады. Өзбекстандағы одақтар сыртта еңбек ететін өз азаматтарына да қолдау көрсетуге тырысады. Әлем елдерінде кәсіподақтар қалай жұмыс істейді? Мұны алдағы топтамадан білейік.

Скандинавия елдерінде жұмыс істейтін адамдардың дені кәсіподақ құрамына кіреді. Өйткені мұндай бірлестіктер мемлекеттегі ең маңызды әлеуметтік қызметті атқарады. Мысалы, адам жұмыссыз қалса, оның бұған дейін алып отырған айлығының 70-80 пайызы мөлшерінде жәрдемақы төлейді. Жаңа жұмыс табуға көмектеседі. Жеңілдікпен баспана алуға жәрдемедеседі. Мәдени не сауықтыру шараларына, сондай-ақ салық бойынша жеңілдіктер де қарастырылған. Билік те кәсподақтарға қолдау көрсетуге тырысады. Мысалы, бірлестік құрамына кірген әр адам үшін қосымша ақы төленеді. Билік әкімшілік ғимарат жалдау жағынан көмектеседі. Салық бойынша жеңілдіктер те жасайды. 

АҚШ-та кәсіподақтардың арқасында жүргізушілердің жағдайы жақсарды

АҚШ

АҚШ-та кәсіподақтар цифрлық платформа қызметкерлерінің де құқықтарын қорғауға көмектеседі. Бірлестіктің араласуымен 2022 жылы Вашингтон штатында онлайн қосымша арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері үшін жаңа заң қабылданды. Сөйтіп енді оларға жүрген әр шақырымы мен минуты үшін төлемдер енгізіледі. Сондай-ақ денсаулығына байланысты ақысы төленетін демалыс алу мүмкіндігі де пайда болды.  

Өзбекстанда кәсіподақтар шетелдегі жұмысшыларға қолдау көрсетеді

Өзбекстан

Ал Өзбекстанда кәсіподақтар түрлі елдерде еңбек ететін маусымдық жұмысшыларға қолдау көрсетеді. Олардың шетелде өз құқықтарын қорғап, жұмыс берушімен арадағы дауды шешуге көмектеседі. Сөйтіп, 2022 жылы бірлестіктің араласуымен еңбек қатынастары саласында 16 мыңнан аса адамның құқығы қорғалған. Жұмысшылардың пайдасына бір миллиард 800 миллион сом өндірілген. Бүгінде көрші елде түрлі кәсіподақтар құрамына 5 жарым миллион адам бар. 

Жулдыз Атагельдиева, Асель Абдыхалыкова