«Хезболла» ұйымының қару-жарақ қоймасы талқандалды
Израиль әскері Хезболла қозғалысына қарсы тағы шабуыл жасады.
Рейтер агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, еврей армиясы бұл жолы ұйымның қару-жарақ қоймасын атқылаған. Әуе соққысынан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Ливанның қоршаған ортаны қорғау министрі Насер Ясин жариялаған есеп бойынша 2023 жылдың 8 қаңтарынан бері Израиль Ливанға 9470 рет шабуыл жасаған. Соның салдарынан 2141 адам опат болып, 10 мыңнан аса тұрғын жараланған. Осының кесірінен жергілікті ауруханалар азаматтарға дер кезінде көмек көрсетіп үлгере алмай жатыр. Қазір 180 мыңға жуық тұрғын уақытша орталықтарды паналауға мәжбүр.