Трамп Харриспен пікірталасқа түсуден кезекті рет бас тартты

АҚШ президенттігіне республикалықтар атынан үміткер Дональд Трамп демократтардың үкілеген үміті Камала Харриспен пікірталасқа түсуден тағы да бас тартты.

Бұл туралы Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Ол бұл шешімін қайтадан пікірсайыс өткізуге тым кеш екендігімен түсіндірген. Трамп сайлаушылар арасындағы беделі онсыз да өсіп жатқанын айтады. Жаңа пікірталас қазан айының аяғында Fox News телеарнасында өтуі керек болатын.