Флорида штатында дауыл салдарынан үш миллион адам жарықсыз қалды

Флорида штатында дауыл салдарынан үш миллион адам жарықсыз қалды

АҚШ-тың Флорида штатында "Милтон" дауылы ойран салып жатыр.

Соның салдарынан 3 миллионға жуық адам электр қуатынсыз қалды. Жүздеген үй мен нысанға зақым келді. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша дүлей дауылдан адамдар опат болған. Төтенше жағдай қызметкерлері қазір қауіпті аймақта қалып қойған азаматтарды көшіріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, таяуда штаттың 35 округінде, төтенше жағдай жарияланып, 6 миллион тұрғынға эвакуациялану туралы пәрмен берілді.