«Милтон» дауылынан 16 адам опат болды
АҚШ-тың Флорида штаты бір айда екі рет алапат дауылдың астында қалды.
Кешегі «Милтон» дауылы кезінде 16 адам опат болды. Ал оның алдындағы "Хелен" дауылы 230 адамның өмірін қиған еді.
Шығанақта біраз дүниенің астаң-кестеңі шыққан. Билік осындай аласапыранның болатынын ескертіп, халықты құлағдар еткенмен шығын көп. Енді аймақтың қазіргі жағдайы қандай? Ел қайтіп күнелітіп жатыр?
«Милтон» дауылының салдарынан кемі 16 адам қайтыс болды. Олардың саны уақыт өткен сайын артып келеді. Себебі қираған үйлер мен үйінділер астынан марқұмдардың денелері табылып жатыр. Мамандардың айтуынша қаза болғандардың арасында 13 жастағы бала бар. Желдің екпіні 160 шақырымға жетіп, салдарынан штаттың бірнеше аумағын су басты. Тіпті бейсбол стадионының шатыры жұлынып, құрылыс краны құлады. Абырой болғанда Милтон дауылы мамандар болжағандай сұрапыл болмады. Себебі метеорологтар желдің екпіні 260 шақырымға жетуі мүмкін деген еді. Алайда желдің екпіні жағалауға жеткенде айтарлықтай басылды дейді мамандар. Айта кетейік, Флориданың бұл аймағында қазақстандықтар да тұратды. Солардың бірі кешегі дауыл туралы былай дейді.
Бурхан Адиханов, Оңтүстік Флорида университетінің Phd докторы:
- Жергілікті билік дауыл болатынын алдын-ала хабарлап, 1-2 апта бұрын мектептердің барлығын тоқтатты. Эвакуциялық зоналарды белгілеп, егер сіз эвакуациялық зона А, Б -да болсаңыз, онда дереу басқа қалаға көшіңіздер, эвакуацияға барыңыздар деді. Одан бөлек мектептер шелтерлерге айналып, сол жерге келген азаматтарға (билік) тамағы мен қажетті жағдайларымен, жалпы өмірін сақтап қалуға көмектесті.
Талғат Алманов, тілші:
- Штат губернаторы Рон Де-Сантис халыққа көмек көрсетілетін айтып, аймақты тез арада қалпына келтіретінін уәде етті. Осыған дейін сала мамандары дауылдан келетін шығын көлемі 50 млрд-тан 170 млрд-қа дейін жетуі мүмкін деп болжады. Қазіргі уақытта келтірілген шығындарды есептеу жұмыстары басталып кетті.
Дауылдан зардап шеккендерге АҚШ-тың Федералды Төтенше жағдайларды басқару агенттігі көмек көрсетеді. Алғашқысы негізгі қажеттіліктерге бөлінген $750 долларлық көмек. Сонымен қатар, тұрғындардың мүліктеріне келтірілген шығынның көлемі есептеліп, тиісті қаражат бөлінеді. Мәселен, үйді жөндеу немесе жеке мүлікті ауыстыру үшін ұйымнан 41 000 долларға дейін көмек алуға болады. Сонымен қатар, үйлерін сақтандырып үлгерген тұрғындар сақтандыру компанияларының көмегіне жүгіне алады.