Washington post: дауыл сайлауға әсер етуі мүмкін
АҚШ-тағы дүлей дауылдар президенттік сайлауға айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
«Хелен» мен «Милтонның» ойран салуы ел ішінде өткір саяси тартыс туғызды дейді Washington Post газеті.
Жалпы қысқа мерзім ішінде Америкада екі жойқын дауылдың соғуы үкіметке сынақ болды. Басылымның есебі бойынша табиғи апат салдарын жою Камала Харрис үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол Дональд Трамп қарағанда өзін тұрақты лидер ретінде көрсетуге тырысып бағуда. Ал экс-президент болса, Ақ үй әкімшілігін тиімсіз әрекеттері үшін қатаң сынға алды. Сондықтан мұндай жағдай сайлаушылардың дауыс беруіне әсер етуі мүмкін деп жазады Washington Post.