Газа секторында полиомиелитке қарсы екпе науқаны жалғасады

Алдағы аптада Газа секторында полиомиелитке қарсы вакциналаудың келесі кезеңі басталады, деп хабарлайды 24kz.

Науқан аясында 10 жасқа дейінгі 590 мың балаға екпе салынуы тиіс. Жазда өңірде бұл ауруды жұқтыру дерегі расталды. Бұл дерттің кейінгі 25 жылда алғаш рет тіркелуі. Осы себепті БҰҰ Балалар қорының қолдауымен қыркүйекте кеселге қарсы екпе жұмыстарының бірінші кезеңі өткен. Нәтижесінде 560 мың бала препарат қабылдады.