Израиль Газа секторын үздіксіз бомбалап жатыр
Израиль бір жағынан Ливанды, екінші жағынан Газа секторын үздіксіз шабуылдап жатыр.
Газа секторындағы босқындар паналап жатқан жалғыз қауіпсіз жер Жабалия еді. Израиль әскері оның да күл-талқанын шығарды. Денсаулық сақтау өкілдерінің дерегіне сүйенсек, кейінгі бір аптада 150 бейбіт тұрғын көз жұмған. Израиль бұл қаланы барлау операциясы кезінде, террорлық база деп танып, "ХАМАС" содырларының қару-жарақ сақталған қоймасын тапқан. Содан кейін бұл аумақтағы тұрғындар бас сауғалайтын орын таппай, босып кеткен.