Трамптың кездесуі өтетін жерде қаруланған адам ұсталды

АҚШ-тың Калифорния штатында президенттікке үміткер Дональд Трампқа қастандық жасауы мүмкін деген күдікті ұсталды.

Оны жергілікті сақшылар саясаткердің өз жақтастарымен кездесетін алаңға жақын жерде қолға түсірген. Бұл туралы Риверсайд округінің шерифі хабарлады. Оның айтуынша, әлгі адамнан бірнеше төлқұжат пен суық қару табылған. Ол мінген көліктің нөмірі жалған болып шықты. Өзін Лас-Вегас тұрғыны деп таныстырған 49 жастағы азамат кейін қамауға алынып, оқталған қару ұстау дерегі бойынша айып тағылды. Кейін әлгі азамат 5 мың доллар көлемінде кепіл төлеген соң босатылған. Риверсайд округі шерифінің пікірінше, полицейлердің білікті іс-әрекетінің арқасында тағы бір қастандықтың жолы кесілді. Жергілікті прокурорлар Трамптың өміріне еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Қазір аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.