Газаға гуманитарлық апат төніп тұр
Газадағы гуманитарлық ахуал күн өткен сайын күрделеніп барады.
Оған Израиль әскерінің жіберіліп жатқан жәрдемге тосқауыл қоюы себеп. Қазір көмекке деген қолжетімділік былтыр қазаннан бергі ең төменгі деңгейде. Бұл туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері отырысынан кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, Газада халықаралық гуманитарлық құқық жерге тапталып жатыр. Ресми дерек бойынша, 2023 жылдың қазан айынан бері анклавта 42 мыңнан аса адам көз жұмған. Дені – балалар мен әйелдер. Осыған байланысты Боррель аймақтағы атысты дерек тоқтатуға шақырды.
Жозеп Боррель, ЕО-ның Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:
- Соңғы екі аптада Газа тұрғындары ешқандай азық-түлік алған жоқ. 400 мың адамға эвакуациялану ескерту жасалды. Бірақ олардың баратын жері жоқ. Бізге тез арада Газа мен Ливандағы атысты тоқтатудың амалын табу керек. Осы мәселені талқылаумен отырғанымызда Ливанның оңтүстігінде тағы бір қала атқыланып, 20 адам опат болды. Израиль армиясы тағы да бір рет шектен шықты. бітімгерлерге қарсы оқ жаудыруды Еуроодақ елдері қатаң айыптайды.