ДДСҰ бюджетіне $1 млрд түседі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттер оған бір млрд доллар бөлуге келісті.

Қыруар қаржы мекеме бюджетіне алдағы 4 жыл ішінде түсуі керек. Бұл туралы Берлиндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау саммитінде жария етілді. Бүгінде халықаралық бірлестіктің ең ірі донорлары – АҚШ пен Германия саналады. Неміс елі алдағы уақытта 400 мың доллар бөлетінін мәлімдеді. Америкалықтардың түскен ақшасынан ұйым әлемде полиомиелит және безгекпен күресте айтарлықтай жетістікке жеткен. 2020 жылы бұрынғы президент Дональд Трамп тұсында АҚШ ұйымнан шығу шешімін қабылдаған. Бірақ билікке Джо Байден келгеннен кейін ол шешімнің күшін жойды.