Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай бағасына әсер етті

Мұнайдың әлемдік бағасы 3 пайызға арзандады.

Оған Таяу Шығысқа қатысты соңғы ақпарат себеп. Бұған дейін американдық "The Washington Post" басылымы Израиль Ираннан кек қайтару үшін мұнай нысандарына тимей, тек әскери нысандарды көздейтінін хабарлаған. Сондықтан Ираннан қара алтын тасымалдайтын трейдерлер арасында үрей азайған. Бұдан бөлек ОПЕК алдағы уақытта шикізатқа сұраныс төмендейді деген болжам жасады. Бұл да мұнайдың арзандауына әсер еткен.