ЕО және Парсы шығанағы елдері Бельгияда бас қосты

Еуроодақ пен Парсы шығанағы елдері басшыларының бүгін Брюссельде саммиті басталды.

Күн тәртібіндегі мәселе - Таяу Шығыстағы ахуал. Саясаткерлер қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу жолдарын қарастырып, энергетика, қауіпсіздік, сауда және визалық режим мәселелерін талқыламақ.