Түркияда 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

Түркиядағы Малатия провинциясының Кале ауданында 5,9 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды 24KZ.

Салдарынан 3 ғимаратқа едәуір зақым келді. Зілзала ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Тұрғындар үй-жайлары мен жұмыс орындарын тастап, қауіпсіз жерге жиналды. Төтенше жағдайлар мекемесінің мәліметінше, 3 ғимарат қираған. 4 адам құтқарылды.  Бас-аяғы 30 афтершок, яғни қайталама дүмпу байқалған.