Израиль әскері Ливандағы Набатия қаласының мэриясын соққылады

Израиль әскерінің Ливанның оңтүстігіндегі Набатия қаласына жасаған әуе шабуылынан 6 адам көз жұмды.

Арасында сол қаланың басшысы да бар. Ақпарат құралдарының хабарауынша, соққы мэрия ғимаратына жасалған. Ол кезде мэр жедел комитеттің отырысын өткізіп жатса керек. Еврей елінің әскері: «Ливандық «Хезболла» ұйымының нысандарын көздедік», – дейді. Айтуларынша, ұйым мүшелері жерасты инфрақұрылымын тұрғын үйлердің астымен жүргізіп тастаған.