CNN: Израиль 5 қарашаға дейін Иранға соққы жасауы мүмкін

Израиль АҚШ-тағы президент сайлауына дейін, демек 5 қарашаға дейін Иранға соққы жасауы мүмкін.

Бұл әлем назарын Таяу Шығыстағы шиеленіске аудару үшін жасалады. Мұны өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып америкалық CNN телеарнасы хабарлайды.

1 қазанда Иран Израильге 180 зымыран атқан. Тегеран палестиналық ХАМАС, ливандық «Хезболла» және «Ислам революциясы сақшыларының корпусы» жетекшілерінің қазасына кек қайтармақ болған. Израиль бұл оқиғаға жауап қайтаратынын бірден айтқан. CNN дерегі бойынша шабуыл жоспары дайын. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Ақ Үй басшысына Ирандағы мұнай не ядролық нысандарға тимей, тек әскери нысандарды ғана соққы жасайтынын жеткізген.