Газа секторында азық-түлік тапшы
Газа секторындағы Хан-Юнис қаласында азық-түлік тапшы.
Қарулы қақтығыс кесірінен мұнда гуманитарлық көмектің жеткізілуі қиын. Тұрғындар тегін тамақ алу үшін кезекке тұрАды. Өңірдегі күрделі ахуал жайлы БҰҰ-ның палестиналық босқындар істері жөніндегі агенттігінің өкілдері де айтып отыр. Ұйым қызметкерлері аймаққа аштық пен эпидемия қаупі төніп тұрғанын ескертті. Ал Израиль әскерилері: «Азық-түліктің тасымалдануы шектеліп жатқан жоқ. Осы айдың басынан бері Газа секторына бақылау-өткізу бекеттері арқылы 9 мың тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді», – дейді.