Бейрутте жаңа аурухана жасақталды

Ливанда Израильдің әуе шабуылдарынан кейін жарақат алғандар көбейіп барады.

Атыс-шабыстан ауруханалар қирап қалған. Елде денсаулық сақтау саласындағы жағдай қиындады. Осыған байланысты ел астанасы Бейрутте жаңа травматология орталығы ашылды. Мекеме ішін халықаралық қызыл крест комитеті жабдықтаған. Жергілікті дәрігерлерге көмекке хирургтер бригадасы келген.