Ливан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тағы да шағым түсірді
Израильдің Ливанға жасап жатқан шабуылдары күннен-күнге үдеп барады.
Бомбалаудың салдарынан бақылау-өткізу бекеттері, құтқарушылар мен жедел жәрдем көліктері қирап, шиеленіске қатысы жоқ бейбіт тұрғындар жапа шегіп жатыр. Осыған байланысты Ливан елі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне тағы шағым түсірді. Соңғы рет Набатия қаласында Мэрия ғимаратына шабуыл жасалып, бейбіт тұрғындар қаза тапқан еді. Бірақ еврей елі «Хезболла» ұйымының қару-жарақ қоймасын нысанаға алғанын айтады. Ливан елі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне бір айда осымен үшінші рет шағым түсірген.