ДДСҰ: Ливанда тырысқақтың таралу қаупі жоғары

Ливанның солтүстігінде тырысқақ ауруын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдаушылық білдіріп, ескерту жасады. Ұйым өкілдерінің айтуынша, қақтығыс кесірінен халықтың оңтүстіктен үдере көшуінен ел арасында аталған дерт кеңінен таралып кетуі мүмкін. БҰҰ есебіне сәйкес Ливанның солтүстігіндегі жұрт вакцина алмаған. Ал қоныс аударған азаматтардың ондаған жылдар бойы тырысқаққа қарсы иммунитеті болмаған. «Қазір жергілікті денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды вакциналау ісін қолға алып жатыр. Аталған науқан аясында 350 мың адамға екпе егу көзделген. Бірақ Израильдің тоқтаусыз шабуылдары бұл іске айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр», – деп хабарлады Анадолы агенттігі.