Грекияда үй бағасы екі жылда 11% өсті

Соңғы 10 жылда Еуропада баспана бағасы 20% қымбаттаған.

Соның кесірінен жұрт пәтер алу былай тұрсын, жалдамалы үй ақысын төлей алмай қиналуда. 

Грекия халқы тұрғын үй бағасының қымбаттауына байланысты қаржылық қиындыққа тап болды. Еуростаттың мәліметі бойынша, елде жылжымайтын мүлік бағасы соңғы екі жылда 11% өскен. Соның кесірінен азаматтардың жалға алу және ипотека бойынша шығындары айтарлықтай артқан. Орташа есеппен гректер табысының 40% пәтерге жұмсайды. Бұл - Еуроодақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтарға, жас отбасылар мен студенттерге ауыр соғуда. Мәселені шешу үшін Грекия үкіметі туристерге қысқамерзімді тұрғын үйді жалға беру салығын көтеруді қарастырып жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында пайызы төмен несиелерді субсидиялауға екі млрд еуродан астам қаржы бөлінді.