ХАМАС жетекшісі қаза тапқан болуы мүмкін – БАҚ

Израиль мемлекетінің қарулы күштері Газа Секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында әскери іс-қимылдар кезінде 3 адамның көзін жойды.

Қаза тапқандардың бірі Хамас ұйымының жетекшісі Яхья Синвар болуы мүмкін. Бұл туралы "Скай Ньюс Арабия" телеарнасы хабарлайды. Әзірге палестиналық ұйым өкілдері бұл ақпаратты растаған жоқ.