Газа секторында мектепке жасалған шабуылдан 28 адам қаза тапты
Біріккен Ұлттар Ұйымының палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің мектебіне жасалған шабуылдан 28 адам қаза болды. Тағы 160-ы жарақат алған.
Бұл мектеп Газа секторында орналасқан. Оны оқтан қашқан босқындар паналап келген еді. Шабуылда әуеден Израиль әскері жасаған. Олар мектепте жасырынған ХАМАС жауынгерлерін нысанаға алғандарын айтады. Бірақ палестиналық қозғалыс мүшелері бұл ақпаратты жоққа шығарды.