ХАМАС ұйымының жетекшісі қаза тапты
Газа секторында "Хамас" ұйымының жетекшісі Яхья Синвар Израиль күштерінің шабулынан қаза тапты.
Тиісті мәліметті еврей елінің сыртқы істер министрі Исраэль Кац растады. Еврей елінің жасақтары Газа Секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында әскери операция кезінде 3 адамның көзін жойған. Олардың арасында "Хамас" жетекшісі де болған. Бірақ палестиналық қозғалыс өкілдері бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Айта кетейік, Израиль әскері тамыз айында "Хамас" қозғалысының бұрынғы басшысы Исмаил Ханияны өлтірген болатын. Содан соң Яхья Синвар осы ұйымның жетекшісі болып тағайындалды.