Израиль бір айда Ливанға 10 150 әуе шабуылын жасаған
Израиль әскері кейінгі бір тәулікте Ливанға 140-қа жуық шабуыл жасап, «Хезболла» ұйымының 45 мүшесінің көзі жойылғанын хабарлады. Арасында батальон командирі де бар. Сонымен қоса әскерилер ірі көлемде қару-жарақ тапқандарын да айтады.
Әуеден соққыланған нысандардың бірі – Ливанның оңтүстігінде орналасқан Тир қаласының іргесіндегі босқындар лагері. Мұнда палестиналық босқындар тұрып жатқан. Еврей елінің қарулы күштері лагерьде «Хезболла» мүшелері жасырынғанын айтады. Негізі өткен айдан бері Израиль әскері Ливанға 10 мыңнан аса әуе шабуылын жасаған екен.