Боррель ХАМАС жетекшісінің өлтірілуін құптайды
Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррель ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың қаза болғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің X әлеуметтік желісінде парақшасында жазды.
Саясаткердің айтуынша, Синвар Таяу Шығыстағы атысты тоқтатуға кедергі болып келген. Сондай-ақ ол Еуроодақтың террористер тізімінде тұрған еді.
Израиль қорғаныс армиясы Газа секторында палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синвардың көзі жойылғанын ресми түрде растаған еді.