Нетаньяху: Біз әлемге жақсылықтың жамандықты жеңгенін көрсеттік

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сарбаздарды мақтап, жеңіс қаншалықты зор болғанымен, ол соғыстың соңы емес екенін айтты.

«Бүгін бізге зиян келтіретіндерге не болатынын тағы да айқын көрсеттік. Бүгін біз әлемге кезекті рет жақсылықтың жамандықты жеңгенін көрсеттік. Бірақ соғыс мұнымен аяқталмайды. Біз әлі де үлкен сынақтардан өтуіміз керек. Бізге төзімділік, бірлік, батылдық және табандылық қажет», – деді Нетаньяху.

Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Сіздердің алдарыңызда тұрып, Синвардың көзі жойылғанын хабарлаймын. Холокосттан бері ел тарихындағы ең ауыр қырғынды жасаған адамды, мыңдаған израильдікті өлтірген және жүздеген азаматтарымызды ұрлап әкеткен қаскөйді бүгін біздің қаһарман сарбаздарымыз көзін құртты. Бүгін зұлымдық ауыр соққыға ұшырады, бірақ біздің алдымызда тұрған міндет әлі аяқталған жоқ.

Израиль премьер-министрі бұған дейін қақтығыстың негізгі мақсатын бірнеше рет айтқан болатын. Атап айтқанда, ол – ХАМАС-тың әскери және саяси күш ретінде көзін құрту, сонымен қатар израильдік тұтқындарды босату.