БАҚ: ХАМАС ұйымының жаңа жетекшісі тағайындалды
Ливандық басылым таратқан ақпар бойынша ХАМАС қозғалысы жуырда қаза тапқан Яхья Синвардың орнына Халед Машальды ұйымның саяси бюросы басшысы етіп бекіткен.
Қазір ол тұтқындарды босату мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушы тараптармен байланыс орнату ісіне жауапты. Бұған дейін Халед палестиналық қозғалыстың шетелдік өкілдігін басқарған еді.