Куба халқының жартысы жарықсыз қалды

Куба тұрғындарының жартысы жарықсыз қалды, деп хабарлайды 24kz.

Оған су электр станцияларындағы ақау себеп. Нысандардың жұмыс істеп тұрғанына көп жыл болған. Содан тозығы жеткен. Ол аздай, аралды мемлекетте экономикалық дағдарыстан станциялардың қызметіне қажетті жанармай тапшы. Соған байланысты Кубада жарықтың өшірілуі жиі қайталанады. Бірнеше айдан бері тұрғындар күніне 6 сағатқа дейін электр энергиясыз отыруға мәжбүр.