Италияда тасқыннан қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды
Италияда нөсер соңы тасқынға ұласып, бірнеше өңірде қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды 24kz.
Табиғат апатынан елдің орталық және солтүстік аймақтары жапа шеккен. Құрбандар туралы ақпарат жоқ. Бірақ толассыз жауын мен су тасқынынан көптеген үй мен көлік бүлінген. Теміржол қатынасы іркіліспен жұмыс істеп тұр.