Газа секторында Израильдің әуе соққысынан 33 адам қаза тапты

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі Джебалия босқындар лагерін әуеден бомбылап, 30-дан астам палестиналық қаза тапты.

Құрбандардың 21-і әйел. Тағы ондаған адам зардап шекті. Уақытша лагерьлерге бірнеше күннен бері шабуыл жасалып жатыр деп хабарлайды BBC агенттігі. Осы аптада ХАМАС қозғалысының жетекшісі Яхья Синвардың өлімінен кейін қақтығыс бәсеңдейме деген пікір де айтылды. Бірақ Хамас, Синвардың өлімі ұйымның сағын сындырмайды деп мәлімдеді.