ХАМАС ұйымы мәлімдеме жасады

Израиль Газа секторынан әскерін алып шықпайынша тұтқындарды босатпаймыз.

ХАМАС өкілдері осылай деді. Палестиналық қозғалыс мүшелері өз жетекшісі Яхья Синвардың қазасына қатысты да мәлімдеме жасады. Олар күресті ары қарай жалғастыратынын жеткізді.

Халиль ӘЛ-Хайя, ХАМАС жетекшісінің орынбасары:

"Яхья Синвардың қазасы біздің сағымызды сындырмайды. Керісінше күресті жалғастыруызға жігерлендіреді. Тұрғындарымыз өз жеріне оралып, өз мемлекетімізді құрмайынша. ХАМАС алған бетінен қайтпайды." 

ХАМАС мәлімдеме жасады

Естеріңізде болса, 2 күн бұрын Израиль әскері Газа Секторында ХАМАС жетекшісі Яхья Синвардың көзін жойған еді. Оның орнына ұйымның саяси бюросының басшысы етіп Халед Машаль бекітілді. Қазір ол тұтқындарды босату мәселесі бойынша келіссөздерге қатысушы тараптармен байланыс орнату жағына жауапты. Ал бұған дейін ХАМАС-тың шетелдік өкілдігін басқарған.