Қыркүйекте әлемде 47 мыңнан астам адам тырысқақ ауруына шалдықты
Өткен айда әлем бойынша 47 мыңнан астам адам тырысқақ ауруына шалдықты.
Ал өлім көрсеткіші екі есе өсті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Олардың айтуынша, індет ауызсу тапшы, санитарлық талаптар дұрыс сақталмаған елдерде жылдам таралуда. Әсіресе Ауғанстан, Пәкістан, Конго демократиялық Республикасы, Йемен мен Эфиопияда өршіп тұр. Жұқтыру дерегі Нигер мен Таиландта да тіркелді. Халықаралық ұйым ауру ошағы анықталған аймақтарда індеттің алдын алу шараларын күшейтіп жатыр. Бірақ вакцина жетіспеушілігі қатты байқалады дейді.